Қазақстанда ауыл шаруашылығы малын сыртқа шығаруға тыйым салынды

388

Қазақстанда ірі қара малды, қой мен ешкіні сыртқа шығаруға тыйым салынды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚР Қаржы министрлігі шешім қабылдаған. 2022 жылғы 10 қаңтарда бірлескен бұйрық жасалған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Stan.kz  сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Қазақстан аумағынан ірі қара малды, қой мен ешкілерді алты ай мерзімге әкетуге тыйым салынады.
Бұл ретте "ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қазандағы бірлескен бұйрықтың күші жойылды деп танылды. Ол кезде ірі қара малдың аналық басын алты ай мерзімге әкетуге тыйым салынды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.