Қырғызстанда Атом электр станциясы салынатын болды
454
"Росатом" мемлекеттік корпорациясы мен Қырғызстанның Энергетика министрлігі қуаттылығы аз атом станцияларын салудағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Меморандум шеңберінде тараптар Қырғызстан аумағында РИТМ-200Н реакторлық қондырғысы базасында қуаттылығы аз атом станциясын салу жөніндегі ынтымақтастықты дамытуға мүдделі.
"Қырғызстанда осындай атом станциясының құрылысы елдің энергияға тәуелділігіне ықпал етіп қана қоймайды, сонымен бірге халықтың өмір сүру сапасына және бүкіл Орталық Азия аймағының ғылыми-техникалық әлеуетінің дамуына әсер етеді", – деді Росатом Бас директоры Алексей Лихачев.
“Сондай-ақ, меморандум Қырғызстанның ядролық инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдесуді және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдаланудың түрлі салаларында ғылыми-техникалық персоналдың біліктілігін арттыру бойынша бірлескен жұмысты көздейді”, – делінді Росатом сайтында.