«Қазақстан халқына» қорынан халық той – томалаққа жасауға ақша сұраған

508
Қазіргі таңда «Қазақстан халқына» қорына жиналған қаражаттан жұртшылық түрлі тұрмыстық және де несие жабу үшін көмек сұрады,- деп хабарлайды Opennews.kz   ақпарат агенттігі. 

Қорға жиналған қаражат үй немесе көлік алуға және де  несие төлеу мен той-томалақ шығынын өтеуге арналмаған. Қор өкілдері қазір ел тұрғындарынан осы сынды өтініштер көп түсіп жатқанын жеткізді. Бүгінде олардың саны 13 мыңнан асып отыр.


«Қордың негізгі қызметі елде медициналық қызмет сапасын арттыру, сирек кездесетін ауруларды емдеу мен ерекше күтімдегі мүгедек балаларды асырап алған отбасыларға көмек көрсету», - дейді мамандар

Сондай-ақ кәсіби міндетін орындау кезінде қаза тапқан құқық қорғау саласындағы қызметкерлердің отбасына қолдау көрсету де кіретіндігін атап өтті. Қазір қорға түскен қаржы көлемі 115 млрд теңгеден асып тұр.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.