Теңгелік депозиті бар қазақстандықтарға Үкімет тарапынан сыйақы төленеді

258
Қазақстан Үкіметі мен Ұлттық банк теңгедегі депозиттерді қорғау бағдарламасы жөнінде бірлескен мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қаржы нарықтарындағы геосаяси тәуекелдер мен құбылмалылыққа байланысты қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету және теңгедегі депозиттердің тартымдылығын қолдау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі ҚР Үкіметімен бірлесіп, бюджет қаражатының есебінен жеке тұлғалар депозиті бойынша өтемақы (сыйлықақы) есептеуді көздейтін теңгедегі салымдарды қорғау бағдарламасын жүзеге асырады», – делінген хабарламада.

Бағдарламаға 2022 жылғы 23 ақпандағы жағдай бойынша салымдарға кепілдік беру жүйесіне қатысушы – бір немесе бірнеше екінші деңгейдегі банкте және «Отбасы банк» акционерлік қоғамында ашылған жеке тұлғалардың теңгедегі салымдары қатыса алады.

«Бағдарлама ағымдағы және карточкалық шоттарға, сондай-ақ талап етілгенге дейінгі депозиттерге және шартты депозиттерге қолданылмайды. 10 пайыз мөлшеріндегі өтемақы (сыйлықақы) әрбір банкте 1 адамға 2022 жылғы 23 ақпандағы қалдықтар шегіндегі жалпы сомада, бірақ бағдарламаны іске асыру басталған кезден бастап 12 айдан кейін 20 миллион теңгеден аспайтын сомадағы көрсетілген салымдарға бір рет есептеледі. Өтемақыға (сыйлықақыға) жеке табыс салығы салынбайды», – делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Алдағы уақытта Үкімет пен Ұлттық банктің тиісті актілері қабылданады. Бағдарламаға қатысу үшін салымшылар салым орналасқан екінші деңгейдегі банкке барып өтініш беруі қажет.