Бауыржан Қаниев: Импорттық өнімге тәуелділік - елдің азық-түлік қауіпсіздігіне төнген қауіп

266

Сенатор Бауыржан Қаниев Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың атына жолдаған депутаттық сауалында азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері мен оларды шешу тетіктерін айтты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Депутаттың айтуынша, Ауыл шаруашылығы министрлігінің бойынша қазір елге сүт өнімдерінің 23%-ы, құс етінің 38%-ы, шұжық өнімдерінің 44%-ы импортталады. Яғни, ел импорттық өнімдерге айтарлықтай тәуелді, бұл мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіреді.

Осыған байланысты депутат елдің импортқа тәуелділігін төмендету, тамақ өнімдері өндірісін дамытуды қамтамасыз ету, экспорт пен импорттың теңгерімді құрылымын сақтау, сондай-ақ азық-түлікпен қамтамасыз етуді тұрақтандыру үшін резервтік қорлар құруды орынды деп санайды.

 «Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік астық ресурстарын және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін қалыптастыру, сақтау және пайдалану мәселелерін заңнамалық тұрғыдан бекітуді ұсынамыз. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаны белгілеу әрі сауда үстемелерін 15% - дан 10% - ға дейін төмендетуді және елде өндірілмейтін немесе сыртқы нарықтарда аз мөлшерде өндірілетін өнімдерді сатып алу тетігін енгізуді ұсынамыз», - деді депутат Сенаттың жалпы отырысында.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.