Елдегі дизельдік отын нарығы тұрақталды

381
Мұнай-газ саласындағы сарапшы Ерлан Жаукин елдің оңтүстігінде дизельдік отын нарығының тұрақталғанын айтады.

Сарапшы маусымның 20-нан кейін Қазақстанның оңтүстік облыстарында автожанармай құю станцияларындағы (АЖҚС) ұзын-сонар кезекке байланысты дүрбелең туғанын еске салды. Елдің отын нарығына жауапты ведомство уәде еткендей, дизельдік коллапс ұзаққа созылмаған. Бүгінгі таңда бөлшектік желілерді дизельдік отынмен қамтамасыз ету мәселесі реттелген. 2-3 күндік дүрбелеңнен кейін отынның жеткілікті үйлесімі орныққан. 


«Бұдан бұрын айтылғандай, Шымкент МӨЗ жоспарлы жөндеу жұмыстарын аяқтағаннан кейін 19 маусымнан бастап жұмыстың керекті режиміне көшті. Елдің мұнай өңдейтін қуаттылығы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Дизельдік отынның өндіріс көлемі елдің күнделікті тәуліктік қажеттілігін қамтамасыз етуде. Тасымалдаушы МӨЗ-дің тиейтін стансаларындағы бос вагондарға дизельдік отынды жеткізу бойынша тиісті шаралар қабылданды. Тиеліп жатқан дизельдік отынның орташа көлемі аймақтардағы дизельдік отын қорын біртіндеп толтырып жатыр. 23-29 маусым аралығында елде дизельдік отынның жалпы қоры 203,5 мың тоннаадан 215,3 мың тоннаға дейін ұлғайды»,– деді ол. 


Сонымен қатар сарапшы дизельдік отын нарығында шілдеде не күтуге болатынын да атап өтті. Айтуынша, жалпы биыл Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарында 444,5 мың тонна дизельдік отын өндіру көзделген. Одан бөлек елге қажетті көлем 400,0 мың тонна көлемде болатыны болжанған.


 «1 шілдеден бастап дизельдік отынның акцизінің ставкасы көтеріледі. Яғни жуық арада дизельдің бағасы өсетіні болжанып отыр. Бензин нарығына келер болсақ, болжанғандай, мамыр мен маусым айларында бөлшектік нарықта Аи-92 шамамен 170-175 теңгеден сатылды. Сонымен қатар, бұрын дәл осы бензиннің литрінің бағасы 180-185 теңгеден сатылған еді. Қазақстанның МӨЗ-дерінде шығарылатын бензин елдің ішкі қажеттілігін толық жабады. Шымкент МӨЗ-дің жоспарлы жөндеу жұмыстары бензин нарығына әсер ете қойған жоқ. 30 маусымнан бастап биржада бензин көлемін маусымдық сату деңгейі қалпына келді. Бензиннің жеткілікті болатынын осыдан білуге болады», – дейді ол.