Елімізде көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылар үшін 150-ге жуық жер үй салынады

910

Фото: prombiot.kz/Шығыс Қазақстан облысында көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылар үшін 150-ге жуық жер үй салынады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларды баспанамен қамту мәселесі бойынша жиналыс өткізді.

«Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында бірнеше жоба әзірленген. Бұл бағдарлама өз нәтижелілігін дәлелдеді. Үйлер жайлы, жылы, тұруға ыңғайлы. Бүгінгі таңда бұл үйлерде Тарбағатай ауданында – 48, Зайсан ауданында – 41, Ұлан ауданында – 21, Күршім ауданында – 14, Катонқарағай, Алтай, Шемонаиха аудандарында – 5, Самар, Глубокое аудандарында – 4 көпбалалы отбасы тұрады», - деді облыс әкімі.


Даниал Ахметов аудан әкімдеріне тағы да отбасылармен кездесу өткізіп, талап-тілектерін тыңдауды тапсырды.

«Тағы жобалар дайындау керек. Құрылысқа арналған учаскелерде коммуникация жағы толықтай ойластырылған болуы тиіс. Өңірдегі құрылыс компанияларында осындай үйлерді салу тәжірибесі бар. Сондықтан жақын арада кезекті жиналыс өткізіп, онда біз көпбалалы және аз қамтылған отбасылар үшін 147 үйдің құрылысын бастау мерзімін белгілейміз», - деді ол.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.