Қызылордада қызанақ пастасы өндіріледі
444
Сыр өңірінде жылына 24 мың тонна өнім өндіретін қызанақ пастасын дайындайтын зауыт салынады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Түрік компаниясымен бірлескен бұл жоба облыс экономикасын әртараптандыру бағытындағы ірі жобаларды индустрияландыру бағдарламасы аясында іске асырылатын болады.
Соған орай Қызылордаға облыс әкімінің арнайы шақыртуымен Түркияның KOÇ Holding компаниясының өкілі Өзгур Бурак Ақколь және отандық Orbis Kazakhstan компаниясының басшысы Сухраб Әбдіғаппурұлы Махмудов келіп, облыс әкімінің міндетін атқарушы Мархабат Жайымбетовпен зауыт мәселесін талқылады.
Қазіргі таңда индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылатын «Қызылорда-Агроплюс» серіктестігінің томат пастасын өндіру жобасын жүзеге асыру мақсатында Жаңақорған ауданында арнайы 30 гектар жер телімі берілген. Жалпы құны 13,5 млрд теңгені құрайтын бұл жоба жүзеге асырылғанда жылына 24 мың тонна томат пастасын өндіруге мүмкіндігі артпақ. Зауыт іске қосылғанда жаңадан 154 жұмыс орны ашылады деп күтіліп отыр. Өндіріс орнын толық іске қосу 2025 жылға жоспарланған.
Қос компанияның қаржысына салынатын бірегей жобаның аймақ үшін маңызы зор. Оны жүзеге асыруда әкімдік тарапынан қолдау шаралары да жүргізіледі. Кездесуде М.Жайымбетов осылай деп мәлімдеді.
Сонымен қатар зауыттың құрылыс жұмыстарын жүргізу мақсатында нысанның құрылысын инфрақұрылыммен жабдықтау, жобалық-сметалық құжаттаманы жасау мәселелері талқыланды.
Әлемнің 13 елінде қызанақ өнімін өндірумен айналысатын түрік елінің KOÇ Holding компаниясымен бірлесіп, биылғы жылы тәжірибеден өткізу үшін тамшылатып суару арқылы 10 гектар жерге қызанақ дақылы егілген. Қызанақ егістігіне суармалы су Сырдария өзенінен 2 шақырым жерден су құбырымен сорғы қондырғылары арқылы қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда қызанақтардың шығымдылығы жақсы деп бағаланып отыр.
Мұнан бөлек, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қызылорда облысының әкімдігі мен KOÇ Holding түрік компаниясы және отандық Orbis Kazakhstan компаниясының араларында атқарылатын шаралар мен мерзімдері көрсетіліп, төртжақты Жол картасы әзірленіп, бекітілген.
Қызанақ пастасын өндіретін бұл зауыт құрылысы келер жылдан бастап салынады деп жоспарланып отыр.
Жалпы бұл Сыр өңірінде түрік инвесторлардың қолдауымен жүзеге асырылатын екінші жоба саналады. Бұған дейін республиканың екі аймағында ТМД елдерінде теңдесі жоқ жылу электр орталығының құрылысын салу жобасы қолға алынған болатын. Соған орай, аймақ халқы жылу электр орталығының капуласын салу рәсімінің де куәсі болған еді.