Ертеңнен бастап ҰБТ-ға өтініш беру басталмақ

426
Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 20 желтоқсанда басталып, 6 қаңтарға дейін жалғасады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz. сайтында жүргізіледі. Тестілеудің өзі 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді. Азаматтар тестілеу өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды. ҰБТ-2023 форматында өзгерістер жоқ. Алайда, «Қазақстан тарихы» (20 сұрақ) және «Оқу сауаттылығы» (15 сұрақ) пәндерінің тест тапсырмалары санына өзгерістер енгізілді.

Қаңтардан бастап «Информатика мұғалімдерін даярлау», «Ақпараттық технологиялар», «Ақпараттық қауіпсіздік» білім беру бағдарламалары топтарына түсушілер ҰБТ-ны «Математика-Информатика» комбинациясы бойынша тапсырады. Тестілеуге дайындықты жақсарту мақсатында біз оқу жылының басында информатика бойынша ҰБТ-да кездесетін терминдер тізімін жарияладық, – деді ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.