Елімізде әрбір университет ҰБТ-дағы шекті балды өздері белгілемек
372

Бұл жайында Ұлттық тестілеу орталығынң директоры Руслан Емелбаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, әр университеттің өз шекті балы болады. Бұл құқық оларға 3 жыл бұрын берілген.
Бір оқушы математика пәнінің мұғалімі болғысы келеді деп алайық. Ол ҰБТ-да жинаған 80 балымен ұлттық университетке ақылы бөлімге түскісі келеді. Өздеріңіз білетіндей, «Педагогикалық ғылымдарға» шекті балл – кемінде 75 балл, ал ұлттық ЖОО-ларға – кемінде 65 балл. Оқушының жинаған ұпайы жетіп тұр. Алайда, ол университетте оқушының оқығысы келген мамандыққа шекті балл 85-тен басталады. Демек, оқушыға шекті балын 80-ге дейін белгілеген университетті іздеу керек, - дейді Руслан Емелбаев.
Ал енді бұл балдарды алдын ала қайдан білуге болады? Оны университеттер өздерінің сайтына жариялайды немесе қабылдау комиссиясының жұмысы басталған уақытта кеңес береді.