""Алтын белгі" баладан гөрі, ата-анаға қажет сынды" - мининстр
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаев «Алтын белгіні» алу үшін ата-аналар түрлі заңсыз әрекетке баратынын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
«Алтын белгі» баладан гөрі, ата-анаға қажет сынды. Себебі олар мақтану үшін, «Алтын белгіні» баласының алуы үшін барлық жайтқа барады. Егер жемқорлық фактілері осы атақты алу үшін жиі тіркелсе, онда бұл белгіні беру қаншалықты қажет деген сұрақ туындайды. Бұл бағытта жұмыс істейміз. Себебі білім сатылмауы керек, сапа болуы қажет, - деді Ғани Бейсенбаев Талдықорғанда өтіп жатқан жиында.
Айта кетейік, бүгін Талдықорғанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малахов және Оқу-ағарту министрінің қатысумен жиын өтіп жатыр. Оған ағарту саласының барлық маманы қатысуда.