Бала қауіпсіздігі басты назарда

2 209

Жалағаш ауданы әкімдігіАудан әкімі Ардақ Ибраимов кенттегі бірқатар білім беру ұйымдарын аралады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Аудан әкімі аралау барысында З.Жарқынбаев атындағы №202 орта мектептің, Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейінің, Әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицейі мен Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектеп асханаларының жұмыс барысымен танысты.


Аудан басшысымен бірге білім бөлімі, аудан прокуратурасы, «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы, аудандық аурухана мен санитариялық - эпидемиологиялық бақылау басқармасы және қоғамдық бірлестік қызметкерлері аралау жұмыстарына қатысты.


Сонымен қатар бақылау жұмыстары Жалағаш кенті және барлық ауылдық округтерде жауапты сала мамандарының қатысуымен жүргізілді.


Ардақ Ибраимов аудан бойынша білім беру ұйымдарында оқушыларға ұсынылған тағам түрлерінің бекітілген тәртіпке сәйкес болуын қатаң ескертті.


Сондай-ақ балаларға берілетін тамақтың ас мәзірінде қолданылатын өнімдердің құнарына аса мән беруді тапсырды.


Мұнан бөлек, жұмыс барысында аспазшылар да тиісінше санитарлық тазалықты қатаң сақтауға міндетті екенін қаперге салды.


Сонымен қатар, аудан бойынша барлық мектептердегі 1-4 сынып оқушылары түгел тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары тұрақты бақылауда.


Қазіргі таңда ауданда 20 мектепте асхана жұмыс жасайды. Мектептерде 1-11 сыныптар аралығында 7012 бала білім алуда. Міндетті оқу қоры есебінен аз қамтылған әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балалары 100 пайыз 2217 бала, бастауыш сыныптарда 1954 бала бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылуда. Мектеп асханалары санитарлық талаптарға сәйкес балаларға қызметкерлерге өз қызметтерін ұйымдастыруда.