Жаңа оқу жылында Қызылордада қанша мектеп жұмысын бастайды

2 370

Фото: Қызылорда облыстық білім басқармасыАлдағы жаңа оқу жылында Қызылорда облысы бойынша 17 423 бала 1-сыныпқа барады.

Сондай-ақ өңірде жаңа мектептердің құрылысы қызу жүріп жатыр. Облыстық білім басқармасы мәлімдегендей, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 6 900 орынды қамтитын 10 мектеп салынады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

— Биыл 3 мың орынды 6 мектеп пайдалануға берілсе, соның 3 900 орынды 4-ін жаңа оқу жылында пайдалануға беру жоспарланған. Атап айтанда, Қызылорда қаласының СПМК-70 шағын ауданында 1500, Қызылжарма шағын ауданында 600, Арай шағын ауданында 1500, Арал ауданының Сексеуіл кентінде 300 орынға арналған білім ошақтары есігін ашады. Қалалық, аудандық білім бөлімдері онда білім алатын балалардың тізімін жасап, оқу-тәрбие процесін бастауға қажет ұйымдастыру шараларын қолға алды, — делінген хабарламада.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.