Жетісуда жайлы мектептер салынып жатыр

2 197

Фото: 24.kzЖаркентте 1200 оқушы екінші тоқсанды жайлы мектепте бастайды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі 24.kz сайтына сілтме жасап.

Шекара шебіндегі елдімекенде жаңа мектеп салынып жатыр. Нысан құрылысына жемқорлықпен істі болғандардан тәркіленген 7 млрд теңгеден аса қаражат жұмсалды. 10 бөліктен тұратын ғимаратта бастауыш сынып оқушылары бөлек оқиды. Жоғары сыныптағылар жеке блокта білім алады. Мекемеде зертханалық кабинеттер мен қатар екі спортзал қарастырылып отыр. Жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында робототехника, дизайн, ән-би, қолөнер және спорттық үйірмелер ашылады. Былтыр басталған құрылыстың басым бөлігі аяқталған.

 Әсет Тұрсынов, учаске басшысы: - Қазіргі таңда жобамыз 67 пайзыға істелінген. Бүгінгі таңда 202 адам жұмыс істеп жатыр. Енді Алла жазса осы уақытылы объектімізді тапсыруды жоспарлап отырмыз. 
Айгүл Дәрубаева мектеп директорының міндетін атқарушы - Мектеп қазақ тілінде бір ауысымды. Себебі екінші ауысымда балалар өзінің сүйікті пәндерімен және ақысыз үйірмелерге қатысуға мүмкіндігі болады.





OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.