Қазақстанның білім беру саласында қанша педагог-әйел жұмыс істейді

2 272

Фото: pexels.comОқу-ағарту министрлігі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазақстанда білім беру саласында қанша педагог-әйел жұмыс істейтіні туралы мәліметті жариялады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Министрлік ұсынған статистикаға сүйенсек, Қазақстанда педагогтердің 82,1 пайызы – әйелдер. Білім беру саласында 484 788 педагог-әйел жұмыс істейді. Олардың ішінде:

  • 100 750 – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында;
  • 334 641 – орта білім беру ұйымдарында;
  • 2 444 – түзету-білім беру ұйымдарында;
  • 13 113 – қосымша білім беру ұйымдарында;
  • 29 025 – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында;
  • 3 815 – арнайы білім беру ұйымдарында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі кейінгі бес жылда елімізде педагогтердің жалақысы қалай өскенін мәлім еткен еді.

Министрліктің мәліметінше, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда мұғалімнің орташа айлық жалақысы 1 мөлшерлеме үшін (16 сағат) 352 мың теңге, ал ауыл мұғалімдері үшін 435 мың теңгені құраған.

Бұл ретте Ұлттық білім беру деректер базасының мәліметінше, еліміздің педагогтерінің жартысы 1,5 мөлшерлемемен (24 сағат) жұмыс істеп, айына орташа 581 мың теңге жалақы алады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.