Шымкенттік оқушы шетелдік 10 жоғары оқу орнынан шақырту алды
2 142
Шымкенттегі №41 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Алина Есенгелдиева шетелдік 10 жоғары оқу орнынан шақырту алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Алина Есенгелдиева АҚШ, Ұлыбританияның жетекші жоғары оқу орындарынан шақырту алған.
"Мен еңбек нарығында сұранысқа ие биомедициналық инженер мамандығын таңдадым. Кейбір университеттер сұқбат өткізді. Бұл да – іріктеудің бір бөлігі. Алғашқы нәтижелер наурыз айында белгілі болды", - дейді Алина Есенгелдиева.
Алина шақырту алған университеттер тізімі:
- Iowa University,
- College of the Atlantic,
- American University,
- University of Massachusetts Amherst,
- Loyola Marymount University,
- University of the Pacific,
- Michigan Tech,
- Clarkson University,
- Heriot-Watt University Dubai (Ұлыбритания университеті, Дубай кампусы),
- Clemson University.