Мұғалімдердің жұмысы жеңілдейді

2 493

Фото: Pixabay.comМектеп оқушыларына мамандық таңдауда көмектесетін жаңа цифрлық платформа жуырда ел мектептерінде қолданысқа енгізіледі,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ-мен бірлесіп оқушыларға кәсіптік бағдар берудің "Оқушының қызығушылықтары мен дағдыларының икемді бейіні" (ОҚДИБ) цифрлық әдістемесін әзірлеп отыр. 

Әдістеменің оқушылар қызығушылығын айқындауға, қабілетін анықтауға және одан әрі даму үшін оңтайлы бағыттарды таңдауға көмектесетіні айтылады. Әзірлеме еліміз бойынша 10 мыңнан астам оқушы қатысқан сынақтан сәтті өтті. 

"Бұл құрал университеттердің 400-ден астам бағдарламасы, колледждердің 200-ге жуық мамандығы мен жұмысшы кәсіптерін біріктіретін Мансап компасы цифрлық платформасына енгізілген. Платформа оқушылардың, педагогтердің және ата-аналардың жеке кабинеттеріне қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, бір цифрлық кеңістікте жүйелі кәсіптік бағдарлауды қамтамасыз етеді. Тест нәтижелері автоматты түрде өңделеді: оқушылар жеке ақыл-кеңестер, педагогтер заманауи сүйемелдеу құралдарын, ал ата-аналар баланың даму сараптамасы мен динамикасы туралы ақпарат алады", – деді Алтынсарин академиясының президенті Нәзипа Аюбаева.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.