Келесі жылдан бастап балаларға қатысты ұйымдар ескертусіз тексеріледі

2 557

Фото: Freepik.com2026 жылдың 1 ақпанынан бастап балаларға қатысы бар ұйымдарды алдын ала ескерту жасамай тексеруге мүмкіндік беретін жаңа мемлекеттік қадағалау тетігі күшіне енеді,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа рәсім білім беру, тәрбиелеу және денсаулық сақтау қызметтерін көрсететін, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарға қолданылады. Тексеріс қызмет көрсетудің алдында да, көрсетіліп жатқан кезде де жүргізілуі мүмкін. Бұл механизм заңбұзушылықтарға жедел әрекет етуге және балалардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Қадағалау "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" заң аясында жүзеге асырылады. Заң балаларға көрсетілетін қызметтердің сапасына қойылатын талаптарды күшейтуді және арнайы бақылау режимін енгізуді көздейді.

Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова бұл өзгерістердің маңызын атап өтті.

"Күтпеген тексерістер балалардың қауіпсіздігін күшейтеді және мемлекеттік қадағалауды тиімді етеді. Енді уәкілетті орган нақты заңбұзушылық туралы хабар алғаннан кейін мекемеге дереу бара алады", – деді ол.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.