Жасөспірімдер дрон тізгінін ұстауды үйренбек

2 503

Фото: ChatGPT Болашақта мектеп оқушылары дронмен жұмыс істеуді білім беру ұйымдарында үйренуі ықтимал. Осы ретте министрлер жасанды интеллектке негізделген ақылды технологиялардың әлеуетін бағамдады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Qazaqstan.Tv сайтына сілтеме жасап.

 Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Астанадағы №101 мектепте ұйымдастырылған дрондар шоуын тамашалады. Егер бұл жоба білім беру бағдарламасына енгізілсе, оқушылар дрондарды басқару дағдыларын меңгеріп қана қоймай, оларды ауыл шаруашылығы, логистика және өзге де салаларда тиімді пайдалануды үйренуі мүмкін.

 Нұрсұлтан Өрісбай, білім беру саласындағы ЖИ сарапшысы:

Біздің дрондар, астында камерасы орнатылған әр кьюар кодтардың қасында номерациясы бар. Бұл жақта къюар кодтар белгіленген. Әр къюар кодтың өз мақсаты бар. Әрқайсының өз мақсаты бар. Біреулер көрсетеді шеңберді. Біреулер көрсетеді. Мынау қанша ұзындық. Әр дрон өз осы кьар код ішінде ғана ұшып жүреді.

Әсет Ақшабаев, «Digital solution group» компаниясының директоры:

Бізде екі жоба көрсетіліп отыр. Екі жасанды интеллект кабинеті. Бұл кабинеттің ерекшелігі кіргенен бастап мұғалім сабақты онлайн форматқа түсіруді бастайды. Бір ғана кнопканы басса жасанды интеллект активность көрсеткен балаларды, мұғалімді, немесе тақтадағы маңызды ақпаратты өзі жазып, сабақтың соңына дейін сақтап, монтажын жасап қояды.

 Сабақ барысы бейнетаспаға жазылып, оны мұғалім түрлі себеппен сабаққа қатыса алмаған оқушыларға тікелей жолдай алады. Сонымен қатар, жасанды интеллект оқушының оқу үлгерімін жан-жақты талдап, білім деңгейін арттыруға бағытталған жеке ұсынымдар береді. Бұл жоба білім беру саласына арналған отандық LiftED жасанды интеллект платформасы негізінде әзірленген.

 Сондай-ақ №101 мектепте педагогтер мен 9–11 сынып оқушыларына арналған министрдің ашық сабағы ұйымдастырылды. Кездесу барысында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев жасанды интеллекттің жаһандық даму үрдістері, Қазақстандағы ұлттық жасанды интеллект экожүйесінің қалыптасуы және осы бағыттағы жаңа мүмкіндіктер туралы кеңінен баяндады.