"Мұғалім құлдықтан құтылғандай қуанып жатыр" деген журналист министрге үндеу жасады

2 522

Фото: ministr_suleymenova_zhuldyz/Танымал журналист Азамат Әбілқайыр әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға маңызды мәселе бойынша үндеу жасады,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Журналист қазіргі кезде мұғалімдік жұмысынан кетіп, сонысын үлкен қуаныш ретінде желілерде жариялайтын педагогтардың әрекетін айтып: "Бала оқытатын мұғалімдік жұмысынан кеткенін сүйіншілеп, желіде жариялайтын педагогтар көбейді. 

Замандастарымыз жаппай мектептен қашып жатыр. Сенбесеңіздер, желілерді ашып қараңыздар, Министр Жұлдыз Сүлейменованың өзі де қарасын. Мұғалім құлдықтан құтылғандай, қуанып жатыр. Мені жау көрмеңіздер. Бұрын мұғалім болу абырой еді.

Ал қазір бітпейтін есеп, құжат толтыру, қағаз...Қалғып-мүлгіп отырады. Мектепте шәкірт тәрбиелеп, көсегесі көгеріп жатқандары шамалы. Біз мұғалімдерге қырғын жұмыс іліп тастамадық па?", - деп, министр Жұлдыз Сүлейменоваға осы мәселеге назар аударуды сұрады.

Енді қоғамда мұғалімдердің мектептен кетуіне не себеп болып отырғаны қызу талқылануда. Педагогтардың айтуынша, артық есеп пен қағазбастылық азаймайынша, бұл мәселені шешу қиын.  

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.