ШҚО-да шектен шықты: Ерекше балаларға 19 сағаттың орнына 8 сағат қана сабақ өткізген

2 506

Фото: Opennews.kz ЖИШығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға заңда белгіленген аптасына 19 сағаттың орнына небәрі 8 сағат үйден оқыту сабағы өткізілген, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.




Прокуратура қызметкерлері жүргізген тексеру барысында жеке оқу жоспарларына міндетті пәндердің енгізілмегені, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымдары орындалмағаны анықталды.

Сонымен қатар сабақ өткізуге тиісті арнайы даярлығы жоқ педагогтер тартылған.

Бұдан бөлек, іс жүзінде өткізілмеген сабақтар үшін мұғалімдерге заңсыз ақы төлеу фактілері де анықталды.

— Тексеру барысында балалардың сапалы білім алуға деген құқықтарының өрескел бұзылғаны анықталды. Прокурорлық ден қою шаралары қабылданып, балалардың құқықтары қалпына келтірілді, — деп хабарлады ШҚО прокуратурасынан.

Прокуратураның араласуынан кейін 4 мектептің басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ал 8 педагог негізсіз алған қаражатын бюджетке қайтарды.

Қадағалау органының қызметкерлері кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және білім беру сапасын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастырып жатыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.