Қазақстанда үздік оқушылар ақшалай сыйақымен марапатталмақ

526

Енді Қазақстанда үздік оқушыларды мектептер арнайы сыйақылармен марапаттайтын болады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі “Отырар” порталына сілтеме жасап.


Білім министрі Асхат Аймағанбетов қала мен ауыл оқушыларының білім деңгейі бірдей болуы тиіс деген мақсатта 2022 жылдың басты жоспарларына ауыл мектептерін дамыту, оқытушылардың жалақыларын көтеру сияқты мәселелерді енгізді.

Бұған дейін білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова ағымдағы жылы 70 мың педагогтің білім беру бағдарламалары бойынша біліктіліктерін арттыратындарын айтқан болатын. Сонымен қоса Алматы, Түркістан, Маңғыстау, Атырау облыстарына үздік оқытушыларды тарату және олардың баспанасы мен коммуналдық қызметіне көмек көрсете отырып, жалақыларын екі есеге өсіру туралы шешімдер туралы хабарланған болатын.

Оқушылар үшін де үздік нәтиже көрсеткендер қаржылай марапатталатын болады. Халықаралық олимпиада жүлдегерлеріне де, оларды дайындаған оқытушыларға да сыйақылар төленетін болады. Ал алтын белгі иегерлеріне 1500 АЕК, күміс медаль 1000 АЕК, қола медаль иелеріне 500 АЕК көлемінде ақшалай сый беріледі. 

Ел президенті 2022 жылды балалар жылы деп жариялаған болатын. Сондықтан кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мен білім саласын арттыруға ерекше назар аударылады. Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру бағытын жеке өзі қадағалайтынын айтты.