Еңбекке уақытша жарамсыз парағы енді элекронды түрде берілмек
416
Жұмысшының еңбекке уақытша жарамсыздығын растайтын анықтаманы берудің жаңа ережелері бекітілмек, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Денсаулық сақтау министрінің тиісті бұйрығында жазылды.
Құжатта көрсетілгендей, жұмыскердің еңбекке уақытша жарамсыздығын растайтын анықтаманы алу үшін азаматтар «Электрондық үкімет» веб-порталына жүгінуі тиіс.
Сонымен қоса, жұмысқа уақытша жарамсыз деп танылатын дәлелді негіздер қатарын кеңейту жоспарлануда. Оған сай, енді анықтама мына жағдайларда беріледі:
Жаңа ережені ашық талқылау 2 наурызға дейін жалғасады.
Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Денсаулық сақтау министрінің тиісті бұйрығында жазылды.
Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ немесе анықтама ауруға, жарақатқа, улануға және еңбекке уақытша қабілетсіздігінің уақытша жоғалуына, санаторий-курорттық ұйымдарда емделуге және өзге де жағдайларға байланысты сараптама жүргізу нәтижесі бойынша электрондық нысанда қалыптастырылады. Қажет болған жағдайда карантинге байланысты отбасының науқас мүшесіне күтім жасау, карантинге байланысты жүктілікке және босануға байланысты стационарлық жағдайларда, ҚР азаматтарын протездеу, ҚР аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ ҚР уақытша болатын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға беріледі, - делінген жаңа тәртіпте.
Құжатта көрсетілгендей, жұмыскердің еңбекке уақытша жарамсыздығын растайтын анықтаманы алу үшін азаматтар «Электрондық үкімет» веб-порталына жүгінуі тиіс.
Портал арқылы аталған мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 30 минуттан аспайды. Азамат порталда ЭЦҚ арқылы мемлекеттік қызметті алуға сұрау жібереді. Кейін көрсетілген қызметтің нәтижесі электрондық құжат нысанында азаматтың «Жеке кабинетіне» жіберіледі, - делінген құжатта.
Сонымен қоса, жұмысқа уақытша жарамсыз деп танылатын дәлелді негіздер қатарын кеңейту жоспарлануда. Оған сай, енді анықтама мына жағдайларда беріледі:
- адам тәулік бойы немесе күндізгі стационарға жатқызылғанда;
- жарақат алу пунктіне жүгінген кезде;
- томографиялық тексеруден өту үшін;
- амбулаториялық химиотерапия сеансын алу кезінде;
- гемодиализ сессиясы үшін.
Жаңа ережені ашық талқылау 2 наурызға дейін жалғасады.