Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 77 адам қайтыс болды

298
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен COVID-19 белгілері бар пневмонияға қатысты соңғы деректерді жаңартты. Бұл туралы ведомство Telegram-каналында хабарлады.

22 шілдедегі мәлімет бойынша, елімізде коронавирус жұқтырған 5708 адам тіркелген. Одан бөлек, тағы 2487 адам ауруынан айыққан. Сондай-ақ, өткен тәулікте 64 адам коронавирустың құрбаны болған. 


Қазір 67 475 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 20 526 пациент стационарда, 46 949 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. 


1190 адамның жағдайы ауыр, 272 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда, 168 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.


 Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырғандарға келсек, өткен тәулікте 13 науқас көз жұмып, 70 пациент емделіп шыққан. Тағы 34 адамға аталмыш диагноз қойылған.