Дәрігерлер балалар мен ата-аналарды сақ болуға шақырды
Субұрқақта балалар алаңсыз ойнайтын кезеңде дәрігерлер ата-аналарды байқам болмауға шақырды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі 31 арнаның Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
Дәрігерлер субұрқақ суының қауіпті екенін ескертті. Мамандардың айтуынша, субұрқақтардағы су залалсыздандырылмайды. Сондықтан онда ойнаған немесе суын жұтып қойған балалар түрлі жұқпалы ауруларға шалдығуы мүмкін. Ата-аналар назарына сақ болуға және балаларын субұрқақ суынан аулақ ұстауға шақырады.
Қаз
Рус






