Қазақстанның бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

358
Қазақстанның бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды.

Қаулыға сәйкес:
  • Нысандарға Ashyq жобасын енгізу және іске асыру жалғастырылсын;
  • Өңірлердің, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) құзыретіне сәйкес шаралар қабылдасын;
  • "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) жобаға қатысушылардың арасында заңбұзушылықтардың алдын алуды жүргізуді қамтамасыз етсін;

Алматы қаласын қоспағанда, биыл 28 тамыздан бастап мыналардың жұмысына:
  • демалыс күндері – Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес ныснадары жұмысына – сағат 00.00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшыларының жұмысына – қызметкерлер мен келушілерде "жасыл мәртебе" болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) сағат 02.00-ге дейін;
  • сенбі күндері – қоғамдық  көліктің жұмысына рұқсат етілсін.
Алматы қаласын қоспағанда, биыл 30 тамыздан бастап Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес нысандары үшін жұмыс уақытын (режимін) жұмыс күндері сағат 22.00-ден 00.00-ге дейін, Ashyq жобасының "көшбасшылары" үшін сағат 00.00-ден 02.00-ге дейін ұзартсын.
Эпидемиологиялық жағдай тұрақталған жағдайда Алматы қаласында карантин шараларды жеңілдету тиісінше биыл 4 және 6 қыркүйектен басталсын.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.