“Дәрігер демалыста“: неге қазақстандықтарға ақылы қызметке жүгіну ұсынылады және не істеу керек?
Қазақстандықтар жолдама бойынша бейінді маманға жазылу мүмкін емес жағдайларға жиі шағымданады,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Пациенттердің айтуынша, тегін балама ұсынудың орнына, кейде оларға жеке клиникаларға өз қаражаты есебінен баруды ұсынады. Емханада қажетті маман болмаған жағдайда, МӘМС бойынша медициналық қызметтерді алу тәртібі қалай болады?
"Баланы стационардан шығарып, тексерілу және мәселенің себебін анықтау үшін балалар емханасына учаскелік педиатрға жіберді", - деп бөлісті ол.
Алайда дәрігердің қабылдауына жазыларда олар кедергіге тап болған - УДЗ маманы демалыста болып шыққан.
Мұндай жағдайларда қалай әрекет ету керек екенін білу үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) баспасөз қызметі түсінік берген. Мамандардың айтуынша, егер медициналық мекемеде қажетті маман болмаса, клиника пациентті өзімен бірлесіп орындау шарты жасалған және қажетті дәрігері бар басқа медициналық ұйымға жіберуге міндетті.
Егер медициналық мекеменің басқа клиникалармен келісімшарты болмаса, пациент қажетті маманы бар ұйымдардың біріне жіберіледі.
Адам жолдама бойынша қажетті қызметті алғаннан кейін, медициналық ұйымдар арасында автоматты түрде келісімшарт жасалады, клиника пациент тіркелген медициналық мекемеге шот ұсынады. Яғни, төлем нақты көрсетілген қызмет үшін жасалады. Ең бастысы, бұл клиника ӘМСҚ-мен жұмыс істейтін медициналық мекемелердің қатарында болуы тиіс.
Қордағылар кез келген консультациялық-диагностикалық қызметтерге жолдаманы, егер ол үшін көрсетілімдер болса, емдеуші дәрігер беретінін айтты. Ол пациенттің жағдайын, шағымдарын және білінген белгілерін бағалайды.
Яғни, алдымен учаскелік дәрігер қажет болған жағдайда бейінді маманға жібереді. Ол қандай диагностикалық процедуралар қажет екенін анықтайды, содан кейін учаскелік дәрігер жолдама рәсімдейді де, пациент өзі тіркелген емханада тексеруден өтеді.
Жолдама бермесе не істеу керек? Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры емханаларда пациенттердің шағымдарымен айналысатын қызметтер бар екенін, азаматтардың сонда жүгіне алатынын атап өткен.







