Цой: Балаларға вакцина паспорты берілмейді, Ashyq жүйесіне тіркелмейді

269

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой балаларға вакцина паспорты берілмейтінін айтты- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.


Қазіргі таңда Қазақстанға Pfizer-дің 645 мың дозасы жеткізілген және алдағы уақытта тағы да әкелінбек. Министрдің айтуы бойынша, елімізде 35 мыңға жуық азамат америкалық екпені салдырған. Оның 26 мыңы 12 жастан асқан балалар болса, 9 мыңы жүкті және бала емізетін әйелдер. Дегенмен Цой бұл көрсеткіштің аз екенін жеткізді.

“Вакцина салдырған балалардың ата-аналары вакцина паспортының берілмейтініне алаңдауы орынды. Алайда біз Pfizer салдырғандардың бәрін арнайы екпе кітапшасына тіркейтін боламыз. Әр баланың жеке кітапшасы болады. Мысалы туылғаннан бері алынған екпелер жазылған  тізіміге вакцина салдырғандығы да тіркелетін болады”-дейді ҚР-ның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Министр сонымен қатар “Ashyq” қосымшасына екпені алса да, алмаса да балалардың тіркелмейтінін айтты. Қосымшада болмағандықтан кез келген бала ойын-сауық орталықтарына еркін кіре алады.