Қазақстанның неше өңірі "қызыл" аймақта

283

Фото: Денсаулық сақтау министріДенсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті.

13 мамырдағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары "қызыл" аймақта тұр.

"Сары" аймақта Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласы орналасқан. 
Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары "жасыл" аймақта.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 2283 адам тіркелген. Олардың дені Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларынан. 

Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 350 591-ге жетіп отыр.
Сонымен қатар, үкіметтің онлайн отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазіргі вакцинацияны ескере отырып, коронавирусқа қатысты жаңа болжамымен бөлісті. 

"Оптимистік сценарий бойынша – егер вакцинация кестеге сәйкес жалғасатын болса, бір тәулікте 3 мыңға дейін жұқтырғандар (коронавирус-ред.) тіркеліп, сәуір айының соңында шарықтау шегіне жетеді деп күтілуде. Реалистік сценарий бойынша – бір тәулікте жұқтырғандар 4 мыңға дейін тіркеліп, мамырдың ортасында шарықтау шегіне жетуі мүмкін", – дейді министр.