Қаржы министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды

398
ҚР қаржы министрінің бұйрығымен Абзал Бейсенбекұлы ҚР Қаржы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалады. 
Абзал Бейсенбекұлы 1985 жылы Жамбыл облысында өмірге келген. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Ноттингем университетін жәнеТараз инновациялық-гуманитарлық университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі – экономист, мемлекеттік саясат саласындағы гуманитарлық ғылымдар магистрі, құқық бакалавры болып табылады.
Ол ең алғаш еңбек жолын 2007 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінде жетекші маман міндетін атқарушы қызметінен бастаған. 
2008-2010 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Әлеуметтік саланы дамыту департаменті Білім және ғылымды дамыту басқармасының сарапшысы болып қызмет еткен.
 2010-2011 жылдары ҚР Қаржы министрлігінде жұмыс жасады.                          
 2011-2019 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі лауазымдарда қызмет жасаған. 
2019 жылғы сәуір-қыркүйек айларында «Жасанды зерде саласындағы зерттеулер мен әзірлемелерді қолдау қоры» КҚ басқарма төрағасы болып еңбек етті.