Синоптиктер бүгінгі күнге ауа райы болжамын ұсынды

227

Фото: pixabay.com9 маусымда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын "Қазгидромет" РМК синоптиктері назарға ұсынды. 


Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық бөліктердің әсері әлі де Қазақстан территориясының басым бөлігінде сақталады. Нәтижесінде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, кей жерлерде бұршақ, дауылды жел, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстікте түнде және таңертең тұман күтіледі. 
Түркістан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл болып, желдің 15-23 м/с дейін күшеюі күтіледі, Түркістан облысында дауылды жел күндіз 26 м/с дейін күшейеді.


 Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауылды жел 15-20 м/с болып, күндіз екпіні 25 м/с дейін жетеді, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал. Қарағанды облысының кей жерлерінде дауыл, бұршақ болып, күндіз желдің 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі. 


Ақмола, Алматы облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде, Алматы облысының таулы аймақтарында бұршақ жаууы ықтимал. Жамбыл, Ақтөбе, Павлодар, күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал. 


Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. 
Күндіз Жамбыл облысының басым бөлігінде, Алматы облысының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі. Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.