«Есеңгіреткен есірткі» тақырыбы аясында ашық талқылау ұйымдастырылды

2 628

Фото: Полиция департаменті«26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні», Қызылорда қаласы №17 Қызылжарма ауылдық  кітапханасында «Есеңгіреткен есірткі» тақырыбы аясында ашық талқылау ұйымдастырылды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Іс – шара барысында, №17 Қызылжарма ауылдық  кітапхана мен Қызылорда облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқарма қызметкерлері, кітапхана қорындағы нашақорлық жайлы кітап, журналдардағы  ақпараттармен және есірткі заттарына байланысты қылмыстық ахуал мен алдын алу іс-шаралар барысымен бөлісіп, сұхбат алаңына келген қатысушылардың пікірін тыңдады.

Шараға қатысушылар есірткі мен нашақорлық мәселесі жайлы пікір бөлісіп, сауалдарына жауаптар алды.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.