Қызылордалық кәсіпкер бірнеше рет пайдаланатын жөргек шығаруда

2 624

Фото: ашық дерек көзіҚызылордалық жас кесіпкер бірнеше рет пайдаланатын жөргек шығара бастады. Ол осылайша қоршаған ортаны ластайтын қоқысты да азайтуды мақсат еткен. Мәселен, орташа есеппен бір бала үш жасқа толғанға дейін 5000-нан астам бір реттік жаялықтарды пайдаланады. Жөргек отқа жанбайды, оңайлықпен шірімейді. Жас кәсіпкер Айдана Исраилова осының бәрін ескеріп, көп реттік жөргек жасауды қолға алған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Кәсіпкер алдымен мемлекеттік бағдарлама аясында 5 млн теңге көлемінде қайтарымсыз грант ұтып алды. Осы қаражатқа ол «eco_hanym» брендімен қайта пайдалануға болатын жөргектер (подгузник) шығару инновациялық жобасын жүзеге асыруда.


Қайта пайдалануға болатын жөргектің сырты су өткізбейтін материалдан, іші мақтадан тігілген. Өлшем түймелердің көмегімен ені мен ұзындығы бойынша оңай реттеледі.


Қайта пайдалануға болатын матадан жасалған жөргектерді пайдалану полигонға жіберілетін қалдықтарды азайтады. Бұл қоршаған ортаның ластануына әкелуі мүмкін қалдықтардың үлкен мөлшері. Қазіргі таңда 5 адамды жұмыспен қамтып отырмын. Жөргектердің эскизін өзіміз саламыз, содан кейін арнайы жабдықпен тігеміз. Өнімнің бағасы - 3300 теңге, - деп түсіндірді кәсіпкер.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.