Томирис Байсафаның анасы Меджидовтің Қазақстанда сотталғанын қалайды
Марқұм Томирис Байсафаның анасы Жанна Ахметова Муртузали Меджидовтің қазақстандық сотта жауапқа тартылғанын қалайды.
Ол "Студия 7" жобасына сұхбат берді. Сұхбаттан үзінді Instagram желісінде жарияланды.
Ахметованың айтуынша, іс шулы болады. Ол Меджидовтің Қазақстанда сотталуына қол жеткізуге ниетті "Мен прецедент жасаймын, оны Қазақстанда соттаймын. Біз оны мұнда әкелмесек те, айыптай аламыз. Біз қазір адвокаттармен осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз", - деді ол.
Жанна Ахметованың айтуынша, Ресейде осындай прецеденттер бар.
"Оларда журналистің өзге елде адамдарды атып өлтіруіне қатысты үлкен іс бар және олар күдіктіні өз елінде соттады", - дейді ол.
Томирис Меджидовті Қазақстанда еліміздің заңнамасына сәйкес соттау үшін прецедент қажет деп санайды.
"Тіпті тұлғаның өзі осында болмаса да, мен мұны жасай аламын", - дейді ол.
Сұхбат барысында Ахметова "Меджидовтер отбасынан қандайда да бір қаражат алдыңыз ба"деген сауалға жауап берді. Тілшінің айтуынша, желіде мұндай сыбыстың дәлелі болуы мүмкін чектердің суреті таралған. Жанна бұл сыбыстарды жоққа шығарды.
"Мен үшін репутациядан қымбат ештеңе жоқ. Біріншіден, мен ақшаны не үшін алуым керек? Адамға жасалған қылмысты жасыру мүмкін емес", - дейді ол.
Ол чектерге қатысты тексеру жүргізгенін және банкте чектердің оған қатысы жоқтығы расталғанын алға тартты. Ол бұл чектерге тіпті мөр басылмағанына назар аударды.
Одан бөлек, Жанна бұрынғы күйеуіне Меджидовтің адвокаты хабарласып, сотта оған қарсы сөз сөйлеуді сұрағанын айтуда.
"Бізде скриндер, әңгімелесудің аудиожазбасы бар. Ол, әрине, "жігіттер, ақыл-естеріңіз дұрыс па?" деп жауап берді", - дейді Жанна.