Талдықорған зауытындағы жарылыс

231

Фото: pixabay.comТалдықорған полициясы арматура зауытында белгісіз снарядтың жарылуына байланысты қылмыстық іс қозғады.


"Тергеу Қылмыстық кодекстің 156-бабы 2-бөлігі "Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу" дерегі бойынша басталды. Тергеу барысы қатаң бақылауға алынды", - деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінде.


 Іс бойынша күдікті ретінде кім танылғанын поли
ция нақтыламады. Алайда, олар қылмыскерді үлкен көлемде айыппұл, түзеу / қоғамдық жұмыстар немесе 50 тәулікке қамауға алу жазасы күтетінін баса айтты. 


Естеріңізге сала кетейік, жексенбіде Талдықорғандағы арматура зауытында жарылыс салдарынан үш адам зардап шеккен еді. Олардың біреуі амбулаториялық емделуге шығарылды, қалған екеуі ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендердің біріне шұғыл операция қажет болды. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.