Қызылордада скутер тізгіндеген жасөспірім жол апатына ұшырады

2 069

Қызылордада скутер тізгіндеген жасөспірім жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Қызылорда қаласындағы Мұратбаев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысында «Nissan Juke» автокөлігі мен скутер соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды. Скутерді кәмелетке толмаған жасөспірім тізгіндеген, ол бірден ауруханаға жеткізілді. Жол апаты бойынша сараптама тағайындалып, тексеру жүргізілуде.


«Қызылордада мопедтердің, электроскутерлердің және микромобильді көліктің басқа түрлерінің қозғалысына қатысты мәселе бар. Көбіне осы көлік түрлерін жүргізетін адамдар жол жүру ережесін бұзады, сол арқылы басқа жүргізушілерге және жолаушыларға қауіп төндіреді», - деді облыстық полиция департаментінен.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.