Тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында аймақта үлгілі үй анықталды
ТЖМ-нің бастамасымен Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы ұйымдастырған тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында үлгілі үй анықталды, -деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
2023 жылдың басынан бастап қала аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлерде 40 өрт және жану оқиғалары тіркелді, онын ішінде 15 оқига тұрғын үйлердін шатырында, подъездінде және жертөлесінде орын алған.
Аталған жағдайлар көбінесе тұрғындардын өрт қауіпсіздігі талаптарын өз деңгейінде сақтамауынан орын алуда.
Осы ретте, көпқабатты тұрғын үйлердін шатыры, подезді және жертөлесінің тұрақты қалыпта күтіп ұсталуын, ондағы қауіпсіздік талаптарының үнемі сақталуын қамтамасыз ету мақсатында кала көлеміндегі 663 көпкабатты тұрғын үйлерге қызмет көрсететін 17 пәтер иелері кооперативінің өкілдеріне (ПИК) өрт қауіпсіздігі саласындағы сауатын арттыру және көпқабатты тұрғын үйлерде орын алатын резонанстык оқиғалардын алдын алу мақсатында үлгілі үй акциясы өткізілді.
Сондай-ақ тұргын үй есебіне берілген бұрынғы жатақханалардын өрт қауіпсіздігі жағдайына қарау жұмыстары өткізіліп ПИК және БАҚ өкілдерімен бірлесіп тұргындарга үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, 2022-2023 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық кезеңінің басталуына байланысты тұрғындар мен пәтер иелері кооперативтеріне тұрмыстағы өрттің алдын алу бағытында “Аманат” партиясы және Қызылорда қала әкімдігіне қарасты тұрғын үй инспекциясымен бірге мониторинг жұмыстары жүргізілді. Соның ішінде бүгінгі күні ҚР Премьер министрі бекіткен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі 2022 – 2024 жылдарға арналған жол картасының негізінде Қызылорда қаласының әкімдігіне қарасты тұрғын үй инспекциясымен бірлесіп, «Үлгілі үй» іс-шарасы ұйымдастырылды. Мақсат - тұрғын үйде өртті болдырмау болып табылады.
Аталған іс-шараның нәтижесінде «Үлгілі үй» ретінде 5 көпқабатты тұрғын үй анықталып, олардың өкілдеріне арнайы алғыс хаттармен сыйлық табысталды. Аталған жұмыстар тұрақты және жоспарлы түрде жалғасын табатын болады.
Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы