Қызылорда облысында киік ұшасын сақтаған тұрғын ұсталды
Қызылорда облысында киік ұшасын сақтаған тұрғын құрықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тексеру барысында 10 киіктің ұшасы, ет және балта айғақ зат ретінде алынды.
"Қызылорда облысы полиция департаментінің Жалағаш аудандық полиция бөлімі қызметкерлері "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жойылып кету қаупі төніп тұрған киік жануарын сақтап, қылмыстық жолмен пайда тапқысы келген 50 жастағы облыс тұрғынды құрықтады. Күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тексеру барысында 10 киіктің ұшасы, ет және балта айғақ зат ретінде алынды", - делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері басталды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.