Қызылордада ескі балық тоғандары жаңғыртылып жатыр

2 606

Фото: pixabay.comБасықара ауылында ұзақ уақыт иесіз тұрған балық шаруашылығы қайта жанданып, жаңа серпін алмақ ,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Аумағы 500 гектардан асатын ірі нысан 30 жылдан кейін жаңғыртылып, толық қуатында іске қосылады.

Тоғанда тауарлы балық өсіру көзделіп отыр.

«Жыл соңына дейін Қызылорда облысында тағы 11 тоған шаруашылығы өз жұмысын бастайды», – дейді мамандар. 
Басықара ауылындағы балық тоғаны 1987 жылы іске қосылған. Сол кезеңде жылына 500 тоннаға дейін тауарлы балық өсірілген. Тіпті уылдырық шайқайтын арнайы цех та жұмыс істеген. Алайда арада жеті жыл өткен соң нысан жекенің қолына өтіп, көп ұзамай тоқтап қалған. Тоған 30 жылдан бері қараусыз қалған. Жалпы аумағы 500 гектардан асады. Қазір бұл жерді мынадай жыңғыл мен шеңгел қаптап кеткен.