Қала әкімі тұрғындарды қабылдады

2 576

Фото: Қызылорда облысының әкімдігіҚала әкімі Нұржан Ахатов кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қабылдауға келген тұрғындар   жұмысқа орналасу, тұрғын үй алу, жер мәселесі мен кәсіпкерлікті қолдауға қатысты мәселелерді көтерді.

Бірқатар мәселе қабылдау барысында шешімін тапты. Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын егжей-тегжейлі талдаған қала әкімі көтерілген сауалдарға байланысты тиісті шаралар қабылданатынын жеткізіп, сала басшыларына бірқатар міндеттер жүктеді.  

Айта кету керек, тұрғындар қала әкімінің қабылдауына egov порталы арқылы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.