Қызылорда ғылыми-сарапшылық топтың қорытынды кеші өтті

2 665

Фото: Қызылорда облысының әкімдігіҚызылорда облыстық ҚХА жанындағы Ғылыми-сарапшылық тобының қорытынды отырысы өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Отырысқа Ғылыми - сарапшылық топ мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, ҚХА жанындағы құрылым мүшелері қатысты. 

Іс-шараны облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сарапшылық тобының жетекшісі Айтжан Оразбақов жүргізіп, күн тәртібіндегі  мәселелерге сәйкес ойын ортаға салды.

ҒСТ мүшесі Талғат Телеубаев “Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісімнің маңызды тетігі”  және ҒСТ мүшесі Дәулет Омаров “2025 жылы Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарын талқылау” тақырыптарын қозғады.

Отырыс барысында Ғылыми-сарапшылық топтың мүшелері жас ғалымдар арасында жоба байқауларын ұйымдастыру, жас ғалымдар клубын құрып, оның құрамына педагогикалық, экономикалық, әлеуметтік бағытта білім алып жүрген жас ғалымдарды енгізу және методикалық жәрдем беру арқылы өңірдегі 11 этнос өкілдерінің тарихын зерттеп, зерделеп, “Сыр өңіріндегі көп этностың тарихы” тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған жинақ шығару жоспарға енгізілді. 

Отырыс соңында “Қоғамдық келісім” КММ директоры Бақытжан Камалов жыл бойына қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бағытында сүбелі үлес қосқан ҒСТ мүшелерін марапаттады.

Кеш барысында барысында ғылыми жобалардың нәтижелері, сарапшылардың пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды. Мұндай шаралар ғылыми зерттеулердің және сараптамалардың қорытындыларын жариялап, одан әрі дамытуға бағытталған қадамдар қабылдауға мүмкіндік береді.

Бұл кезеңде ғылыми-сарапшылық топтың жұмыс қорытындысы тыңдалады. Ғалымдар мен зерттеушілер өздерінің зерттеулерін, ғылыми жаңалықтарын немесе ұсыныстарын көрсетілді.

Қорытынды кеште аймақтағы инновациялық жобалар мен ғылыми бастамаларды одан әрі іске асыру үшін қажетті қадамдар талқыланды.

Мұндай шаралар аймақтағы ғылым мен білімнің дамуына үлкен үлес қосады, себебі ол жергілікті мәселелерге негізделген ғылыми шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.