МӘДЕНИ ЖӘНЕ ДЕМАЛЫС ПАРКІНЕ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

2 686

Фото: Қызылорда облысының әкімдігіОблыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев  қалалық мәдени және демалыс паркін қайта жаңғырту жұмыстарының барысын көрді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жалпы аумағы 6 гектар паркке ғимараттар мен аттракциондар, бетонды скейтпарк салу  жоспарланған.

Бүгінде  «Bi Global» серіктестігі  кең көлемді абаттандыру жұмыстарын жүргізуде. Демонтаж жұмыстары толық аяқталып, субұрқақтардың орны дайындалуда. Қайта жаңғыртуды парктің ашылу маусымына, яғни мамыр айына дейін толық аяқтап, пайдалануға беру межеленген. 

Аймақ басшысы құрылысқа сапалы материалдар пайдалануды,  атракциондардың қауіпсіз болуын, жұмыстарды  уақытылы аяқтауды тапсырды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.