Қызылордада жасөспірім 6 жылға бас бостандығынан айырылды

2 646

Фото: Қызылорда облысының сотыҚызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің106-бабының 2-бөлігінің 7)-тармағымен кәмелетке толмаған жасөспірімнің ісі қаралды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

17.01.2009 жылы туған сотталушы 26.10.2024 жылы сағат 20:30 шамасында көше бойында бұзақылық ниетпен, өзімен бірге алып жүрген қайшының бөлігімен оның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру мақсатында кәмелетке толмаған жәбірленушінің арқа тұсынан бір рет тығып, ауыр дәрежелі дене жарақатын салған.

Сотталушы Қазақстан Республикасы ҚК-нің 106-бабының  2-бөлігінің 7)-тармағымен кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айрылды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.