Футболдан әуесқой командалар арасындағы облыс чемпионаты өз жалауын көтерді
Қызылордадағы “Локомотив” стадионында әуесқой футбол командалары арасындағы облыс чемпионатының ашылу рәсімі өтті,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Аладоп додасына өңірдің барлық аудандарының командалары – атап айтқанда, Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласының командасы қатысып, өзара бақ сынауда.
Ашылу салтанатына Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының бөлім басшысы Сағидат Талғатұлы мен Қызылорда облыстық футбол федерациясының президенті Болат Елеуұлы қатысып, қатысушыларға сәттілік тілеп, әділ әрі тартысты ойын болатынына сенім білдірді.