ЖАЛАҒАШТА «ТАЗА ӨЛКЕ – ЖАЛАҒАШ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

1 529

Бүгін ауданда қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жасыл ортаға деген жауапкершілікті арттыру мақсатында «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында «Таза өлке – Жалағаш» атты ауқымды экологиялық акция өтті.

Акцияға аудан әкімі Ардақ Ибраимов қатысып, қоршаған ортаны қорғау – баршаға ортақ міндет екенін атап өтті.

«Бүгінгі тал егу акциясы – болашаққа жасалған игі қадам. Әр отырғызылған тал – ертеңгі ұрпаққа қалдырылған аманат. Барша тұрғындарды табиғатты қорғауға және осындай игі бастамаларға белсенді қатысуға шақырамын», – деді А. Ибраимов.

Шараға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, аудан ақсақалдары, этнос өкілдері, аналар және әйелдер кеңесінің мүшелері, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар, еріктілер мен аудан тұрғындары белсенді қатысып, белгіленген аумақтарға 550 түп ағаш отырғызды.

Сонымен қатар, елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және тұрақты түрде сенбіліктер ұйымдастырудың маңыздылығы кеңінен насихатталды.

Шараға қатысушылар экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолында бірлесе әрекет етуге дайын екендіктерін білдірді.

Фото: ©Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.