Қызылорда облысында пара алған полицей ұсталды

3 491

Фотоколлаж ©Tengrinews.kzҚызылорда облыстық полиция департаменті Арал ауданында тәртіп сақшысының пара алып ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

– Қызылорда облысы полиция департаменті қызметкерінің заңсыз іс-әрекетіне қатысты қылмыстық іс тіркелді. Басқа мәліметтер Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабының талабына сәйкес жарияланбайды, – делінген хабарламада. 

Департамент заң бұзушының мәртебесіне қарамастан кез келген заңсыз әрекетті қатаң айыптайтынын мәлімдеді.

– Қазіргі уақытта тіркелген деректің барлық мән-жайын анықтау үшін қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.