Қызылорда облысында суармалы егін шаруашылығы қарқынды жүргізілуде
Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы қажетіне жоспарланған судың 90,5%-ы алынды, бұл туралы Су ресурстары және ирригация айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бүгінгі таңда өңір бойынша жалпы су алу көлемі 3,03 млрд текше метр, ал жоспарланған көрсеткіш — 3,35 млрд текше метр. Қалған 9,5% су суару маусымы аяқталғанға дейін алынады. Қазіргі уақытта облыста су бес магистральдық және үш шаруашылықаралық канал арқылы кезекпен беріліп жатыр. Бүгінде өңірдегі егістіктердің 98%-ы кезекпен суарылып жатыр. Қызылорда облысындағы егістік алқаптарына су беруді жақсарту мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі ирригациялық каналдарға жылжымалы сорғы қондырғыларын орнату жұмыстарын жүргізді. Барлығы 324 агрегат орнатылды.







