Қызылордада жылу электр орталығы тұтынушылардың ақшасын қайтарып берді

2 394

Фото: Қызылорда облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаментіҚызылорда облысында жылу қызметін көрсетуші кәсіпорындар сыртқы ауаның нақты температурасына сәйкес жылу жеткізбегені үшін тұтынушыларға қаржылай қайта есеп жүргізді. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Аталған департаменттің мәліметінше, тексеру барысында бірқатар жылумен жабдықтаушы ұйымдардың қызмет сапасында жеткіліксіз жылу беру фактілері анықталған. Осыған байланысты жылу қызметін ұсынған мекемелер — «Қызылорда жылу электр орталығы», оның «Қазалы-Теміржол жылу» филиалы және «Теміржол су-Қызылорда» ЖШС тұтынушыларға артық алынған төлемді қайтаруға міндеттелді.

«Бұл ретте тұрғындардың шоты төленді. Сондықтан аталған ұйымдар төлем сомасын азайтуға міндетті», – делінген департаменттің ресми хабарламасында.

Қайтарылатын қаржының жалпы сомасы қосымша құн салығымен бірге 24 миллион теңгеге жуық. Бұл сома 2025 жылғы қазан айында тұтынушыларға берілетін түбіртекте көрініс табады — яғни келесі айдағы төлем азаяды.

Сонымен қатар, жылу есептегіші орнатылмаған тұтынушыларға да қайта есептеу жүргізілген. Бұл өз кезегінде, барлық тұтынушының құқығын қорғау және әділ тарифтік саясат жүргізу бағытындағы оң қадамдардың бірі болып отыр.

Мамандар жылу беру маусымында нақты температура көрсеткіштеріне сәйкес жылу сапасын бақылау әрі тарифтің әділдігін қамтамасыз ету жұмыстары жалғасатынын жеткізді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.