Қызылорда облысында арақ-шараптан бас тартқан ауылдар саны артып келеді

1 626

Фото: freepik.comҚызылорда облысында алкоголь өнімдерін сатудан ерікті түрде бас тартқан ауылдардың саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Бұл бастама «Қылмыссыз өңір – кемел келешек кепілі» жобасы аясында жүзеге асырылуда, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жобаның басты мақсаты – елді мекендердегі қылмыс деңгейін төмендету, тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы өмір сүруіне жағдай жасау.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, бүгінге дейін өңірдің 18 ауылы алкоголь өнімдерін сатудан толық бас тартқан. Бұдан бөлек, 107 кәсіпкермен меморандумға қол қойылып, мейрамхана мен дүкендерде алкоголь сату уақыты шектелген.

Мұндай шаралардың нәтижесінде соңғы үш жылда 35 елді мекенде бірде-бір қылмыс тіркелмеген.

«Қоғамда “Заң мен тәртіп” идеологиясын ілгерілету мақсатында 7 қарашада облыс прокуроры Ризабек Ожаров алкогольден ерікті түрде бас тартқан Жаңақорған ауданының Өзгентау ауылының тұрғындарымен кездесті. Сондай-ақ ауыл әкімдері мен учаскелік полиция инспекторларын марапаттады», – делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.

Кездесу барысында прокурор ауыл тұрғындарының, соның ішінде ақсақалдар мен белсенді азаматтардың бастаманы жүзеге асырудағы зор үлесін атап өтті.

Қазіргі таңда жоба мүлдем төзбеушілік қағидаттарын нығайту және заң мен тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету бағытында өз жұмысын жалғастырып келеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.