Қызылордадан жаттығуға барған 22 жасөспірім уланып ауруханаға түсті

2 616

Фото: Жасанды интеллект көмегіменҚызылорда облысынан күрес бойынша оқу-жаттығу үшін Жамбыл облысына келген 22 жасөспірім астан уланып ауруханаға түскен. Деректерге сай, олар шығу тегі әзірге анықталмаған гастроэнтеритпен улануы мүмкін,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Балалар Жамбыл облысындағы демалыс аймағынан ауруханаға жеткізілген. Алдын ала мәлімет бойынша, олар күрес бойынша оқу-жаттығу жиындарына жаттықтырушыларымен бірге келген. Демалыс аймағында 12 мен 17 жас аралығындағы шамамен 100 бала орналастырылған.

Әкімдіктің мәліметінше, тағамдардан және науқастардан зертханалық сынамалар алынған. Қазір олардың нәтижелері күтілуде.

Гастроэнтерит – асқазан мен ішектің шырышты қабығының қабынуы. Оған вирустар немесе бактериялар себеп болуы мүмкін. Негізгі белгілері – құсу мен іш өту.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.